Осы аптаның басы Білім күнімен ерекшеленді. Қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!
Әулиекөл бастауыш мектебінде Қостанай облысынан психологтар ассоциациясынан Колюжная Ю.А. және модераторы Махмутова А.Г. келді. Білім алушыларымызбен “Қорқытуды тоқтату” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: білім алушыларды қорқыту ұғымымен,қорқытудағы әлеуметтік рөлдермен және олардың мінез-құлық стильдерімен таныстыру.Мұғалім білім алушыларға қағаз парағын беріп,сурет салғызды.Сурет арқылы өз ойларын жеткізе білді. Қорытындылай келе, адамды ренжіту оңай,ал сенімді қайтару ұзақ процесс екенін түсіндірді.