25.04.2025 жылы мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас» атты тәжірибе алаңы ұйымдастырылып, өткізілl3!

Тәжірибе алаңының мақсаты: ұлттық рухани-мәдени мұраны қазіргі заман талаптарымен үйлестіре отырып, білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды заманауи тұрғыдан түсініп, қолдана білуге бағыттау; заманауи білім беру мен тәрбие жүйесінде ұлттық негіздерді интеграциялау.
Мұғалімдер ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қазіргі заманғы білім беру үрдістерімен ұштастыру жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты:
- Ашық сабақтар;
- Шеберлік сағаты;
- Интерактивті тренингтер;
- Озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу.
Ұлттық болмысымызды дәріптей отырып, білім беруді жаңа деңгейге көтеру – басты мақсатымыз. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!!!















