Біздің жетістіктер

Талаптарыңа нұр жаусын

Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтың 96 жылдық мерейтойына байланысты Қостанай қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы 9 мектепте 11 желтоқсан күні облыстық “ АТАЖҰРТ — БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ” атты этногрпфиялық интеллектуалды конкурсы өтті. Бұл конкурсқа Қостанай өңірінің 12 ауданынан оқушылар келіп қктысты. Конкурс 4 бөлімнен тұрды. Әр ауданнан ең мықты деген командалары қатысты. Соның ішінде Әулиекөл бастауыш мектебінен 4 “А” сынып оқушысы Мақсұтбек Ернұр мен 4 “Ә” сынып оқушысы Садақбай Айару қатысып, командалардың ішінен топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Дайындаған сынып жетекшілері Жаукина Айгүл және Кендирова Айым.